Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада такси жүргізушілерін алдаған жұп анықталды

Сарыарқа ауданы ПБ аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері такси жүргізушілерінің ақшасын алдап иемденген жұпты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полицияға бірден бірнеше жәбірленуші арызбен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер алаяқтыққа елорданың 25 жастағы тұрғыны мен оның 31 жастағы жігітінің қатысы барын анықтады.  Алаяқтар мобильді қосымша арқылы тауарды белгілі бір мекенжайға жеткізу үшін такси шақырғаны анықталды. Әңгіме барысында олар жүргізушіден қолма-қол ақша алып, тауарды жеткізген кезде сатып алушы онымен есептеседі деп уәде берген. Такси жүргізушілері келіскен, бірақ біраз уақыттан кейін аталған мекен-жайға жетіп, ешкім тауарды күтпегеніне көз жеткізді. Бір жағдайда ұялы телефонды жеткізу сылтауымен олар 13 мың теңге сомасында ақшаны иемденсе, екінші жағдайда олар камераны алып кетуді сұраған және 15 мың теңге сомасында ақшаны иемденген. Шын мәнісінде пакетте ешқандай тауар болмаған. Қазіргі уақытта олар төрт осыған ұқсас деректерге ие.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Олардың елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, “102” арнасына дереу полицияға хабарласыңыз. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру