Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық тұрғыннан сора түптері тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан сора түптері тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі егу дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары шардаралық тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде есірткісіне ұқсас 9 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері сора болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру