«Шартты түрде»: Хромтау ауданында жаза өтеу тәртібін бұзған екі сотталған анықталды
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жаза өтеу тәртібін бұзған екі сотталған анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша пробация қызметкерлері және полиция бөліністерінің өзара іс- қимылының тиімділігін арттыру мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 15 аудандық пробация қызметтерінің жеке құрамы ағымдағы жылдың 21- 27 маусым айы аралығында облыс аумағында «Шартты түрде» атты жедел- профилактикалық іс-шарасына қатысуда.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шара барысында Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталған азаматтардың сот жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындауын қадағалау мақсатында олардың тұрғылықты мекен- жайы, жұмыс орындары бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп келеді.
Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ізбасар Сәттің айтуынша, тексеріс нәтижесімен, сот жүктеген міндеттерді орындамай, яғни кешкі уақытта пробация қызметіне ескертпестен тұрғылықты мекен жайын тастап кеткен және Пробация қызметіне уақытылы тіркелуге келмеген Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған екі сотталғанға қатысты олардың шартты түрдегі бас бостандығын бас бостандығынан айыруға ауыстыру жөніндегі ұсыныс пен құжаттар сотқа әзірленуде.