Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шартты түрде мерзімінен бұрын босаған азамат мал шаруашылығымен айналысуда

Ақтөбеде шартты түрде мерзімінен бұрын босаған азамат, пробация қызметкерлерінің қолдауымен қайтарымсыз несие ұтып, ірі қара малын өсіріп отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған азамат, ірі қара өсіру бойынша жеке шаруа қожалығын ашуды бостандықта жүрген кезден бастап армандаған.

   – Тек сол бостандықта жүргенде бағыт көрсететін адам болмады. Дегенмен, жаза өтеу орнынан босағаннан кейін, пробация қызметіне есепте тұрған уақыттан бастап, пробация қызметкерлері кәсіпкер атанудың жолдарын көрсетіп, арманыма жол ашып берді, – дейді түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босаған Данияр.

Жеке қожалығына қол жеткізу үшін Мұғалжар аудандық №1 аудандық пробация қызметі есепте тұрған Даниярды «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «кәсіпкерлік негіздері» курсына оқытады. Шәкіртақы алумен қатар, оқу курсы кезінде тәжірибе жинақтаған Данияр, өзінің бизнес- жобасын сәтті қорғап, нәтижесінде 441 мың 500 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтты.

Есепте тұрған азамат қайтарымсыз қаржыға екі ірі қара малын сатып алады.

Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бала күнінен мал бағып, мал шаруашылығының қыр-сырын үйренген есепте тұрған Даниярға ірі қара малын сауу жұмыстарына үйде бала тәрбиесімен айналысып отырған жұбайы көмектесуде.

– Дәл қазіргі уақытта келіншегім сауынды сиырларды сауып, одан сүт өнімінен құрт, май дайындап отыр. Ірі қараның қыстық жем-шөбін де дайындап қойдық.
Жалпы, осы жобаны қорғау кезінде ірі қара малының басын көбейткім келетінін айтқан болатынмын. Сондықтан, менің негізгі мақсатым –  болашақта осы сиыр малының басын көбейтіп, яғни мал шаруашылығын дамытып, жеке қожалық ашқым келеді. Сөйтіп, жұмыс орнын көбейтіп, өзім секілді есепте тұрған азаматтарды жұмысқа алсам деймін.
Осы орайда, менің арманыма қол жеткізуіме қолдау көрсеткен Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметіне алғыс айтқым келеді, – дейді пробация есебінде тұрған азамат Данияр.


Түзелу жолында келе жатқан есепте тұрған азаматтың мінез-құлқына пробация қызметінің инспекторы да оң бағасын берді.

– Есепте тұрған Данияр пробация ұйымдастырған қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Жауапкершілігі жоғары. Оның ірі қара мал басын көбейтіп, түзелу жолында бастаған ісін одан әрі дамытатынына сенеміз, – дейді Мұғалжар аудандық №1 аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлсезім Ешмағамбетова.

Айта кету керек, қазіргі таңда пробация есебінде тұрған Данияр сиыр ұстаумен қатар, қосымша жұмыс ретінде ауылдың мектебін жылыту, яғни отын жағу жұмысын қосымша атқарып келеді. Аталған маусымдық жұмысқа есепте тұрған азаматты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі инспекторлары орналастырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру