Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шеберханадан домкрат ұрлаған клиент ұсталды

Қарағандыда клиент көлік жөндеу шеберханасынан домкрат ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада  Қарағанды қаласының ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ер адам техникалық қызмет көрсету бекеттерінің бірінде жұмыс істейді екен. Кешке ол жұмыстан кеткелі жатқан кезде құны 55 мың теңге тұратын домкраттың жоғалып кеткенін анықтаған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық)  қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері ұрлықты көлік жөндетуге келген клиенттердің бірі жасауы мүмкін деген болжам жасады. Олар оқиға орнынан автокөлік дөңгелегінің протекторлық ізі арқылы келген машинаның маркасын анықтады.
3 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде Қарқаралы ауданының  42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған домкрат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру