Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдіктер құқықтық мәртебесін екі ай ішінде айыппұлсыз реттей алады

Шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарды ауыстыра алады, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін екі ай ішінде айыппұлсыз реттей алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының көші-қон қызметі басқармасы  12 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін екі ай мерзімге өтпелі кезең енгізіледі, осы кезеңде қолданылу мерзімі төтенше жағдай кезінде аяқталған бірқатар құжаттар жарамды болып қалады деп хабарлайды.

“Төтенше жағдай (карантин) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болған және белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген санкциялар қолданылмайды. 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін олар қандай да бір қосымша құжаттар рәсімдеймей-ақ, Қазақстан Республикасынан кете алады. Шығарып жіберу туралы соттың орындалмаған шешімдері бар адамдар 2020 жылғы 10 маусымға дейін елден шығуға міндетті. Қазақстан Республикасында қалғысы келетін шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарды ауыстыруға, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін реттеуге құқылы”, – дейді көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Успанова Олбике.

Қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және 1 ақпанда дейін келген шетелдіктерге ҚР-да уақытша тұруға рұқсат рәсімделетін болады:

Жұмысқа келгендерге жергілікті атқарушы органның жұмыс істеуге берген рұқсаты болған жағдайда:

ЕАЭО азаматтары үшін (Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы)-Еңбек шарты немесе қызмет көрсетуге рұқсат берген азаматтық-құқықтық шарт;
Отбасымен қосылуға-туыстық байланыстарды растайтын құжаттар:
-некеде кемінде 3 жыл тұратын (тұрған) жұбайы (зайыбы) ;
– балалар, оның ішінде асырап алған 18-ге толмаған балалар, некеде тұрмаған және шетелдіктің
асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар;
– балалар, оның ішінде 18 жастан жоғары асырап алынғандар, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын балалар;
– шетелдіктің асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналар;
– асырауында міндетті болып табылатын отбасының басқа мүшелері.

Сондай-ақ қабылдаушы тараптың өтініші бойынша шетелдіктер, тұрақты тұруға өтініш берген адамдар емделуге, оқуға, бизнеске, миссионерлікке рұқсат ала алады.

Визаның негізінде келген немесе визаның қолданылу мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер шақырушы тараптың өтініші бойынша және негіздемелер (жұмысқа рұқсат, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы, қызмет көрсету шарты және визаны ұзарту үшін негіз болып табылатын басқа да құжаттар) болған жағдайда оның қолданылу мерзімі ұзартылатын болады. Иммигранттардың Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы, Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қабылдаушы тараптың қолдаухаты бойынша келгендер және оның негізінде сәйкесті виза алуға құқылы адасмдар ҚР-нан шықпай-ақ тиісті визаларды алады.Бұдан басқа, еңбек мигранттары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпай-ақ және тиісті өтініш беру мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмастан, патенттер алу үшін жүгіне алады.

Өтпелі кезең 2020 жылдың 11 шілдесінде аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасында өзінің құқықтық мәртебесін реттемеген шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

11 мамырда Үкімет арнайы қаулыға қол қойды, осы қаулыға сәйкес елде төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар күші жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн бойы жарамды саналатын болды. Яғни, жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартыл және Қазақстан азаматтары қызмет, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қолданылу мерзімі өткен құжаттармен (жаңасын алғанша) жүгіне алады. Сонымен қатар, Полиция департаменті азаматтарды төтенше жағдай алынған күні, ұзын-сонар кезек қалыптастырмау үшін, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауға шақырады.Қазір халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, көлігі жоқтарды, зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді ХҚКО-ның жұмысы ұйымдастырылады. Аудан орталықтарында тұрғындар үшін әрбір елдімекен немесе ауылдық округ бойынша қабылдау күндері белгіленген. Ауылдық округтер бойынша бекітілген Құжаттандыру кестесі туралы әкімдіктер мен аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша хабарланатын болады. Жеке басты куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру 10 шілдеге дейін ешқандай әкімшілік шарасыз жүзеге асырылады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру