Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шомылу маусымы: Шымкенттік полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады

Шымкентте шомылу маусымына байланысты профилактикалық іс-шара жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында жаз маусымындағы шомылу сақтық шаралары бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қазіргі күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар, өзен-көлдерге түсіп, демалушылар саны артатынын айтып, бұл ретте шомылу орындарында болатын қайғылы оқиғалар орын алуға кіріскен.

Осыған байланысты Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері су жағасындағы демалыс барысында есте болуы тиіс қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Жас балалардың жүзе білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан Шымкент қаласы Полиция департаменті осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналарға өз балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру