Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ҚАЖ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға үміт сыйлады

Түркістан облысы ҚАЖ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға үміт сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүмкіндігі шектеулі балалар күн сайын дертімен күресіп, өздерінің қаншалықты мықты екендерін және сауығып кетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Балаларды қорғау күні де олар өз өнерлерін ортаға салады.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Мақтарал аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мен аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде орналасқан “Жеті үміт” мүгедек балалар орталығыда ем қабылдап жатқан балаларға қайырмыдылық шара ұйымдастырды.

– Еліміздегі әрбір балаға біз қолдау көрсетуіміз керек. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларға. Олар дерттің азабын тартып жүрген бейкүнә сәбилер. Осындай мейрам кезінде қолымыздан келгенше осы орталықта ем қабылдап жатқан балаларды қуантуға тырысамыз. Балалардың жүзінен ешқашан күлкі кетпесін, – дейді Мақтаарал аудандық пробация қызметі бөлім бастығы Нартай Сабаев.

Шара барысында Мақтарал аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері “Жеті үміт” мүгедек балалар орталығында ем қабылдап жатқан балаларға азық-түлік пен түрлі ойыншықтар табыстады. Әрине, бүгінгі қуаныш мүмкіндігі шектеулі балалардың дертінен айықтырмасы анық. Дегенмен де, бір күнгі қуаныштың өзі олардың көңіл-күйін бір серпілтіп тастары анық.

Ал, өз кезегінде “Жеті Үміт” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұжымы қолдау көрсеткен қызметкерлерге алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру