Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шопан 110 келіден астам алманы ұрлап кетпек болды

Түркістан облысының полицейлері алма ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша Шақпақ-баба ауылына қарасты алма бауынан белгісіз біреу алма ұрлаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.

Хабар алысымен қырағы, тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырып, нәтижесінде күдікті ретінде жақын аймақта мал бағып жүрген шопан ұсталды. Анықталғандай жергілікті тұрғын күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қоршаудан секіріп өтіп, бау арасынан 110 келіден астам алманы жасырын түрде сыртқа шығарады. Алайда толық алып кетіп үлгермейді.

Сай жерде жиналып тұрған алмалардың қалдығын көрген күзетшілер бірден полицияға хабар береді.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеге жуықтады. Жәбірленуші тарапқа ұрланған алмалары қайтарылды. Сонымен қатар ұсталған азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Күдікті қолхатпен босатылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында өздеріңізге тиесілі ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керектігін ескертеді. Оған қоса мүмкіндігінше жарықтандырып, дабылқаққыштар қойыңыздар. Бұл өз кезегінде ұрылардың жолын кеседі. Ал, ұрлық жайтының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, полицияның “102” нөміріне тез арада хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру