ШҚО-да «Динамо» ДСҚ төрағасы тағайындалды
15 мамыр күні «Динамо» ДСҚ ШҚО филиалының төралқасының отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы болып ШҚО ПД бастығы Ерлан Болатұлы Омарбеков сайланды. Жаңа төрағаны Динамо ДСҚ ҚБ jрталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Әлирахимұлы Омарқұлов таныстырды.
ДИНАМО БҚ ДСҚ жетінші конференциясының жарғысы мен шешіміне сәйкес6 негізгі сайланбалы орган – Динамо қоғамының ұжымдық мүшелері құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарының басшыларынан құралған төралқа.
Естеріңізге сала кетейік, «Динамо» Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі 1939 жылы 29 қазанда құрылған. Алғашқы күнінен бастап спортпен шұғылданғысы келетін жандардың барлығына өз есігін айқара ашты, сондай-ақ денешынықтыру – бұқаралық жұмыс пен спорт шеберлігінің өсуіне қажетті жағдай жасауға тырысты. Алғашқы жарыстар «Динамо» туының астында өтті. Өйткені бұл облыстық «Динамо» кеңесінің басты міндеті болды және солай болып қала береді.
Отырыста төралқа мүшелері 2023 жылға арналған негізгі міндеттерді айқындады, онда Ерлан Омарбеков ардагерлер мен күштік құрылымдарды тарта отырып, спорттық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Бұқаралық спортты, дене шынықтыру – спорт қозғалысын нығайту және дамыту, сондай-ақ жастарды тәрбиелеу үшін жұмысты жандандыру қажеттілігін тілге тиек етті.