Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері тұрғын үйден интим салонын әшкере қылды

Алматы полицейлері тұрғын үйден интим салонын әшкере қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен интим салоны анықталды.

 

 

– Рейдтік іс-шара барысында жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру дерегі анықталды. Мекеме Мамыр шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде орналасқан. Тексеру кезінде салонда тоғыз қыз “жұмыс істеп” жүрген. Ғимаратты жалға алушы жауапкершілікке тартылады. Ұсталған қыздар жеке басын анықтау үшін ПБ-ға жеткізілді. Олар 18 бен 26 жас аралығында, Қазақстанның әр өңірінен келгендер. Сонымен қатар олардың көші-қон заңнамасын сақтауы тексерілетін болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру