Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам колонияға жарты келіге жуық есірткі мен тоғыз телефон кіргізбек болды

Шығыс Қазақстан облысының колониясына жарты килограммға жуық есірткі мен тоғыз телефон кіргізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде колония қызметкерлері тоғыз ұялы телефон мен жарты килограмға жуық марихуананы ерекше тәртіптегі колонияға кіргізбек болғандардың жолын кесті.

Қызметкерлер ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің негізгі қоршауының жанында “тыйым салынған” заттарды лақтыру әрекеті кезінде екі ер адамды ұсталды.

– Ұсталған адамдардың екеуінде де тыйым салынған заттар болған. Тоғыз ұялы телефоны және үш SIM-карта, сондай-ақ куәгерлердің көзінше екінші азаматтан ерекше иісі бар жасыл түсті зат тәркіленді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.


Аталған фактілер бойынша Ертіс және Согра ПБ жедел тобы шақырылды. Енді азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру