Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған тұрғын кесірінен 4 жолаушы зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысын көлікті басқару құқығынан айырылған жігіттің кесірінен төрт жолаушы зардап шеккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 25 жастағы жүргізуші ЖКО-ға жол берген, оның нәтижесінде төрт жолаушы зардап шеккен.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде сағат шамамен 08:00-де Көкпекті ауылының 25 жастағы тұрғыны үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, LADA автомобилін басқарып, “Казнаковка – Көкпекті” автожолымен келе жатып жылдамдық режимін арттырған, нәтижесінде көлікті басқара алмай жолдың жиегіне шығып кетіп, автокөлік кюветке аударылған.

ЖКО нәтижесінде төрт жолаушы зардап шеккен, олар әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралын басқарушы тұлғалардың абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады ,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

ЖКО-ға жол бермеу, жақындарыңыз бен туғандарыңыздың өмірін сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа Жол жүрісі қағидаларын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін арттыруға жол бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру