Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде ұсталды

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Өскемен қаласы Добролюбов көшесінің бойында патрульдік полиция қызметкерлері 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны басқарған ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Сараптама көрсеткендей, аталған азамат көлікті масаң күйде басқарған. Мамыр айында ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамды көлік құралын басқару бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру