Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көлік ұрлағаны үшін іздестіріліп жатқан ер адам ұсталды

ШҚО-да көлік ұрлағаны үшін іздестіріліп жатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында Шығыс Қазақстан облысы аумағында Бородулиха АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері “Іздестіру” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде 5 айдан астам уақыт іздестіріліп жатқан 25 жастағы қылмыскер ер адамды ұстады.

Белгілі болғандай, ол өзінің досымен бірге 2021 жылы 4 қарашада Семей қаласының көшелерінің бірінде жүргенде Chevrolet автокөлігінің алдыңғы жолаушы терезесін сындырып, оған заңсыз кіріп, сол жерден иесінің мүлкін ұрлап, осылайша 52 мың теңге шығын келтірген. Бастаған ісін істеп, қаскүнем ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынған.

Қазіргі уақытта күдікті ШҚО ПД Семей қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру