Жетісайлық полицейлер жоғалған сиырларды иесіне тауып берді
Жетісайлық полицейлер жоғалған сиырларды иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші өз арызында жайылымға жіберген төрт бас сиырын жоғалтып, өздігінен бір айға жуық уақыт іздегенін көрсетті. Алайда іздеуі оң нәтиже бермеген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,2 млн теңгеден асады.
Аталған жайтты полицейлер бірден тіркеуге алды. Хабар түскен сәттен бастап жетісайлық тәртіп сақшыларынан арнайы тергеу тобы құрылып, жайылым жерлерге барып, көрген-білгендерден жауап алды.
Тәртіп сақшыларының қырағылығы мен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жәбірленушінің сиырлары 10 шақырым қашықтық шамасындағы Жетісай ауданы Өркенді елдімекеніне қарасты егістік алқапта жайылып жүрген жерінен табылып, иесіне қайтарылды.
– Қаншама күн-түн өзіміз іздедік. Бірақ таба алмадық. Ал полицейлер сиырларымды дереу тауып берді. Осы үшін тәртіп сақшыларына алғысым шексіз, – деп атап өтті тұрғын.