Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейді соққыға жыққан ер адам 5 жылға сотталды

ШҚО-да полицейді соққыға жыққан ер адам 5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабында (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Анықталғандай, 2021 жылғы 23 наурызда 30 жастағы полицей қызметтік міндеттерін орындау кезінде ер адамды алкогольдік ішімдіктерді тұтыну тұрғысынан медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген. Алайда масайған ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, металл сыммен едәуір күшпен полиция қызметкерінің ішіне соққы беріп, осылайша оған дене жарақатын түсіріп, киім-кешегін зақымдаған.

Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында қаскүнем қарусыздандырылып, ұсталды. Сот үкімімен оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы жылдың үш айында ШҚО ПД тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша қозғалған тоғыз қылмыстық іс болды.

Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 380-бабының санкциясымен келтірілген зиянның ауырлығына байланысты айыппұлдан бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Егер билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда, кінәлі адам жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген баптың 2-бөлігі бойынша жазаланады.

Бұдан басқа, ҚК-нің 380-1-бабында билік өкілдерінің өміріне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылық көзделген, мүлкі тәркіленіп немесе 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру