Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қатаң режимдегі колонияда викторина өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі колонияда ҚР “Конституция күніне” арналған викторина өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР “Конситуция күнін” атап өту қарсаңында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері  ШҚО бойынша ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында викторина өткізді. Аталмыш шараның мақсаты – сотталғандардың бойында жағымды ұстанымдарды және заңға бағынышты мінез-құлық ережелерін дамыту болып табылады. Викторинаға қатысу арқылы сотталғандар жеке тұлғаның құқығы мен бостандығының құндылығын түсінді. Бас бостандығынан айырылған сотталғандар викториналық сұрақтарға “Миға шабуыл” режимінде бір минут ішінде жауап берді, құқықтық проблемалық жағдайларды шешті.   Іс-шараны өткізудің бұл түрі сотталғандарды әр түрлі жастағы құрам командаларында өзара іс-қимылды жақсы ұйымдастыруға үйретті, ақпаратты алу мен рәсімдеудің әртүрлі нысандарын игеруге ықпал етті.

– Аталмыш бағыттағы шаралардың негізгі міндеттерінің бірі ол топтағы жұмыс болып табылады, яғни мақсатқа ұжыммен ұмтылу, сотталғандардың бойында жағымды өзгерістер оларға марапаттау шараларын қолданумен ескеріледі, сол арқылы қоғамға және мемлекетке қажетті мінез-құлықты дамытуға ынталандырады, – дейді мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру