Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 20-дан астам жанұяға қайырымдылық көмек көрсетті

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері 20-дан астам жанұяға қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/20 мекемесінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.

– Балаларым үшін өмір сүремін. Жолдасым бізді тастап кетті. Баларымның қамы үшін кез келген жұмысты істеп, күнделікті тамақтарына әрен жеткіземін. Менің жағдайымды біліп, қызметкерлер осы бір ай ішінде өз көмектерін аямады. Балаларым 1 және 3-сыныпта оқиды. Мектептен өздері қайтады. Қолдарында ұялы телефондары да жоқ. ҚАЖ қызметкерлері үлкен қызыма ұялы телефон да сыйлады. Азық-түліктің мол қорын әкеп берді. Бұл біз үшін үлкен көмек, – деді жалғызбасты ана.

– Алдымнан жүгіріп шыққан кішкентай бүлдіршіннің айтқан сөзі мәңгі есімде қалады. 6 жастағы бала “қарашы, мама, тамақ қалай көп” деп айғай салған еді. Осыны естіген кезде, жүрегім қатты ауырды. Кішкентай балапан азық-түліктің қадірін білгені соншалық, оған ешбір ойыншық та керек болмады, – дейді мекеменің жас қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру