Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлерінің балалары арасында байқау өтті

ШҚО-да ОВ-156/14 мекемесінде Конституция күні қарсанында әлеуметтік қашықтықты және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мерекелеуге байланысты қызметкерлердің 9-12 жас аралығындағы балалары арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конкурсқа қатысушыларға мекеменің теологиялық, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі топтың аға инспекторы Әсет Смаилов нұсқау берді.

Әсет балалармен тез тіл табысып, бірнеше минуттардан соң қатысушылар қандай сурет салатындарын анық білді.

– Отан, туған жер, патриотизм туралы сөз болғанда көз алдымызға қалықтаған қыранның, 32 сәулелі күннің бейнесі, Бәйтерек монументі, арғымақ елестейтіні анық. Міне, сурет салғанды ұнататын бүгінгі балалар да сол бейнелерді елестетіп отыр. Осындай айтулы күні суреттер байқауын ұйымдастыру – жақсы идея. Балалардың көз жанарында Отанға деген шынайы махаббаттың ұшқындары және оны мақтан тұтар сезім пайда болды. Сайысқа қатысушылар суретті жақсы салады және бояуларды біледі, бұл өте маңызды. Ата-аналары оларды осында әкелгені өте жақсы болған, – дейді Әсет Смаилов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру