Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск полицейлері бұрын 5 жылға куәлігінен айырылған мас жүргізушіні ұстады 

Шахтинск полицейлері бұрын бес жылға куәлігінен айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының патрульдік полиция взводының қызметкерлері сағат 23:00 шамасында Жеңістің 40 жылдығы көшесімен жылдамдықпен келе жатқан Volkswagen көлігін тоқтатты.

Алкогольдік ішімдік ішкен 33 жастағы жүргізушінің сот-медициналық сараптамасы оның мас болғанын анықтады. Сонымен қатар 2017 жылы әкімшілік соттың қаулысымен ер адам осындай заң бұзушылық үшін көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын мас күйінде басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру