Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының үш күні қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 140-қа жуық қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетсек, 12-18 наурыз аралығында өңір аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Іс-шараның үш күнінің қорытындысы бойынша ШҚО полицейлері 88 қылмысты және бұрын жасалған 53 қылмысты ашты.

5000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың 627 дерегі, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 854 дерегі, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 946 дерегі анықталды. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған 4785 адам тексерілді.

Заңсыз айналымнан 18 бірлік қару алынды.

– Қабылданып жатқан шараларға қарамастан тек үш күнде 35 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Мысалы,13 наурыз күні сағат 00:35 шамасында Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің  қызметкерлері Шемонаиха-Сугатовка автожолында “ВАЗ-21140” маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған 36 жастағы азаматты тоқтатты. Медициналық куәландыру аталған азаматтың орташа деңгейде алкогольдік масаю күйінде екенін растады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айыру көзделген.

Сондай-ақ, полицейлер есірткі заттарын заңсыз сақтаудың жеті фактісін анықтады, заңсыз айналымнан 0,513 келі есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру