Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған азаматтар заңды некеге тұрды

ШҚО-да түзеу мекемесіндегі сотталғандар заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу изоляторында немесе колонияда тіркелген заңды түрдегі неке еркіндікте болған некеден еш айырмашылығы жоқ. Ерлі-зайыптыларға қатысты заңның барлық нормалары “жұмыс істейді”. Жалғыз айырмашылығы, ерлі-зайыптылардың бірі жазасын өтеп жатқанда, бірге тұру мүмкін болмайды.

ҚР ІІМ ТЖК №73 және №17 мекемелерінің қабырғасында ғашықтар отау құрды.

Белгілі болғандай, сотталғандардың бірі некелескен жарымен 5 жылдан бері таныс. Жас жұбайлардың айтуынша, екеуінің де бірінші некеден жолдары болмаған. Екі жыл азаматтық некеде тұрып, үйленуге жоспар құрған кезінде ер адам ұрлық жасап, 3 жылға сотталған.

– Отбасын құру сотталғандарды түзеу үшін жақсы ынталандыру. Олардың бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын босатылуға ұмтылысын арттырады, – деді №73 мекеме басшысының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Саяхат Шарипов.◦

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру