ШҚО-да сотталғандар неке сарайында үйленді
ШҚО-да сотталғандар неке сарайында үйленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы түрме қабырғасында кездесе бастаған жазасын өтеуші екі жас осы күнге дейін бірге болып, шаңырақ көтеруді жоспарлаған.
Осы жылдың басында жазасын өтеп жатқан қыздың мерзімі аяқталып, түрмеден босап шыққан. Ал жігіттің мерзімі әлі аяқталған жоқ. Бірақ босап шыққанына қарамастан бір-бірін тастамады. Көп ұзамай олар үйленуге шешім қабылдады.
– Жазасын өтеушілер үшін отбасын құру оң әсер етеді. Бір-біріне қолдау білдіріп отырды. Жазасын өтеуші жігіт түрмеде жұмыс орналастырылып үйлену тойына қаражат жинады. Өзінің еңбегі арқасында сүйіктісінің арманын орындап, ақ көйлек алып беріп, салтанатты үйлену тойын өткізді. Мекеме әкімшілігі тарапынан сотталғанға демалыс берілді, – деп атап өтті Арай Көшербаева.
– Мен оның сүйіспеншілігі, қолдауы мен шыдамы үшін ризамын. Өзі босағанына қарамастан, маған қолдау көрсетіп, отырды. Осы уақытқа дейін үйлену тойын жасау үшін жалақымды жинадым. Жарымның арманын орындап, отбасын құрдым. Алдағы уақытта тек жақсы жануя болатынымызға сенемін, – деді жазасын өтеуші.