Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандарға релаксациялық сабақ “Майнд-машина” құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар мен мекеме психологтары “Майнд-машинамен” жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ОВ-156/14 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологтары сотталғандардың психологиялық денсаулығын қатаң бақылауға алды. Сотталғандар арасында жағымды психологиялық климат орнату мақсатында түзеу мекемесіндегі оңалту бөлмесінде арнайы психологиялық сергіту сәттері өткізіліп тұрады.

Релаксациялық сабақ “Майнд-машина” құрылғысын пайдалану арқылы өткізілді.

Сотталғандарға жағымды, құлаққа әсерлі әуендер қосылып оңалту жұмысы жүргізілді. Аталмыш құрылғының көмегімен сотталғандар өз бойындағы тұйықтық, шаршаңқылық және ашушаңдық сезімдерінен арылып, жағымды адамгершілік сапаларының дамуына оң әсерін тигізеді. Психологиялық сергіту сәтінен кейін сотталғандар өздерінің жағымды әсерлерімен және ішкі көңіл-күйлерімен бөліседі.

– Мекеме психологтарының осындай бағыттағы жұмыстары сотталғандардың бойындағы шектен тыс шиеленісуден арылып, сол арқылы олардың психологиялық денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосады деп санаймыз, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

– Биыл наурыз айынан басталған елдегі төтенше жағдай мен карантиндік іс-шаралармен мекемеге сотталғандардың туыстарымен кездесулері (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) де тоқтатылған болатын. Бұл сотталғандарға қатты әсер етті. Күнделікті психологтарға 15-тен астам сотталған қабылдауға жазылып, олармен білікті мекеме мамандары жұмыс жасайды, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру