ШҚО-да ҰҚҚІКБ қызметкерлері заңсыз қару сақтаудың үш дерегін тіркеді
ШҚО-да ҰҚҚІКБ қызметкерлері заңсыз қару сақтаудың үш дерегін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 шілдеде жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚІКБ қызметкерлерінің назарына 34 жастағы 11 мамыр күні ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) 3 жылға сотталған ер адамның сотталғанға дейін Шемонаиха қаласы шетіндегі өзендердің бірінің жағасында орман алқабында тапаншаны көмгені туралы ақпарат келіп түскен.
Тексеру барысында ақпарат расталды. Маманның қорытындысына сәйкес, табылған мылтық оқ атуға жарамды, сериялық нөмірі 94150796, РС-22 үлгісіндегі 5,6 мм оқ патронына арналған шығыршықты балқитын қолдан жасалған тегіс ұңғылы жеті зарядтты револьвер екендігі белгілі болды. Қару тәркіленді. Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Тағы бір тәркілеу дерегі облыс орталығында тіркеліп, жедел тінту кезінде 26 жастағы ер адамның әмиянынан кастетке ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кастет түріне ұқсас суық қару болып табылатындығын және қолдан жасалғандығы анықталды.
Жауап алу барысында күдікті кінәсін толық мойындады. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Профилактикалық іс-шараның соңында 46 жастағы Риддер қаласының тұрғыны үйінде заңсыз қару сақтауы мүмкін деген ақпарат тексерілді. Және бұл ақпарат та расталды.
Үйді кідіріссіз тінту полицейлер кезінде ИЖ-18 маркалы оқпан мен тұтқаны қолдан қысқарту жолымен жасалған 5,6мм калибрлі патронға арналған алынбалы иір ойықты оқпаны бар тегіс ұңғыл атуға жарамды аңшылық мылтығын анықтады.
Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау түріндегі процесстік мәжбүрллеу шарасы таңдалды.
Барлық үш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегіс ұңғыл аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.