ШҚО-да желілік бөлімнің жас қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады
ШҚО-да желілік бөлімнің жас қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экскурсия мақсаты – жас қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын түсіндіру.
Желілік бөлімнің 20-дан астам қызметкері тәрбие шарасы ретінде ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң тәртіптегі колониясына барып, онда бір күндерін өткізді. Бүгінгі таңда колония қабырғасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 300-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.
Жас қызметкерлер жазасын өтеп жатқан адамдардың жататын орнын, үй-жайларын көрді, асханада болып, сотталғандарға дайындалған түскі астан дәм татты. Сонымен қатар, сотталғандардың колония қабырғасында қалай жұмыс істейтінін көрді, яғни сотталғандардың тігін және жиһаз цехтарында жұмыс орындарында болды.