Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесінде өткен кіші аяқ добындағы жеңімпаз сотталғандар марапатталды

Ақтөбеде түзеу мекемесінде өткен кіші аяқ добындағы жеңімпаз сотталғандар марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде кіші аяқ добынан өткен жарысқа өңірдегі MORE Life қоғамдық қоры қолдау көрсетті.

Мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары, жастар және мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардан құралған командалар арасында өткен тартысты ойында бірінші және екінші орынды сотталғандардан құралған команда ұтты. Ал үшінші орынды қала жастары қанжығасына байлады.

Спорттық іс-шараға қатысқан MORE Life қоғамдық қорының бас директоры Бибігүл Жулина және қоғамдық қордың өкілі Полина Ромашова және ойынға арнайы шақыртылған спорт бапкері, төреші Кирилл Климов ойынның өту барысына жоғары бағаларын берді. Сонымен қатар, ойынға қатысқан сотталғандар қызық да, тартысқа толы өткен ойын үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

– Мұндай спорттық іс-шаралар мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Жүлделі орындарды жеңіп алған жазасын өтеуші сотталғандарға кубоктар мен медальдар, тәттілер мен сусындар және жеміс-жидектер таратылды. Сонымен қатар, сотталғандар арасындағы “үздік шабуылшы”, “үздік қақпашы”, “үздік ойыншы” номинацияларды иеленгендерге қолдан дайындалған шоколад тәттілері мен бұйымдар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру