Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жұмыссыз тұрғын танысының құжаттарын пайдаланып, 1 млн теңге несие рәсімдеген

ШҚО-да жұмыссыз тұрғын танысының құжаттарын пайдаланып, 1 миллион теңге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан алаяқтық фактілері бойынша алдын алу шараларына қарамастан, көптеген азаматтар әлі күнге дейін бейтаныс адамдарға сеніп, аңғалдық танытуда. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тар дербес деректерді таратпау, оларды ешкімге мессенджерлер арқылы жібермеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға мұқият болу қажеттігі туралы үнемі ескертеді. Алайда азаматтар бұл сақтық шараларын елемеуде.

Мұндай алаяқтықтардың арбауына Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны түсіп қалды. Ол 20 тамызда Орталық полиция бөліміне барып, 2021 жылдың шілдесінде оның танысы сенімге кіріп, құжатын пайдаланып, банктердің бірінде 1 миллион теңге сомасына несие рәсімдегенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, 24 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру