Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер алаяқтықпен айналысқан әйелді құрықтады

Түркістан полицейлері алаяқтықпен айналысқан әйелді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, белгісіз азаматтың оның ақшаларын көбейтіп беремін деп, алаяқтық тәсілмен есепшотына ақша салдырып, қайтармағанын хабарлайды. Аталған жайт бірден Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 130 000 теңгені құрады.
Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін тәжірибелі қызметкерлерден топ құрды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған шаралардың барлығын атқарды.

Нәтижесінде, алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ретінде орта жастағы әйелді ұстады. Ұсталған әйел WhatsApp желісі арқылы арнайы топ ашып, оған әртүрлі адамдарды тіркеп, сенімдеріне кірген. Содан соң топтағы әрбір адамға өзін компанияның қызметкерімін деп таныстырып, есепшотын ұсынып, соған ақша салса, белгілі бір мерзім ішінде еселенетінін айтып, алдаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру