Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО оқушылары ПД мұражайына экскурсия жасады

ШҚО-да полиция департаментінің тарихына арналған мұражайына облыстық мамандандырылған IT лицей мектебінің 4 сынып оқушылары экскурсия өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Олар жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңарған бейнедегі тарихи естеліктерден сыр шертетін мұражайдың алғашқы келушілері болды.

Балалар экспонаттарды үлкен қызығушылықпен қарап, мұражай меңгерушісі Жаннета Амангелдіқызын мұқият тыңдай отырып, Шығыс Қазақстан полициясының тарихымен танысты.

Меңгеруші қазақстандық полицияның қалыптасуы, тәртіп сақшыларының қызметі туралы толығырақ айтып, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ардагерлер мен ішкі істер қызметкерлерінің еңбегі туралы да тілге тиек ете өтті.

Мұражай экскурсиялар үшін ашық екенін еске саламыз:
сейсенбі-сәрсенбі сағат 11.00-ден 15.00-ге дейін;
сенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Өтінімдерді қабылдау телефоны: 23-44-50, 23-43-39 .
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру