ШҚО ПД бастығы жеке құраммен кездесуде полиция жұмысының негізгі бағыттарын белгіледі
ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков Риддер қаласы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесуде жергілікті жерлерде ҚР ІІМ стратегиялық бағыттарына сәйкес келуі тиіс полиция жұмысының негізгі бағыттарын белгіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауқымды өзгерістер үшін қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Ол қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізіне айналады. Бұған құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін құру, профилактиканың барлық субъектілерінің ортақ жауапкершілігін айқындау, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу сияқты маңызды бағыттар кірген.
Тұжырымдамада мемлекеттік басқару моделі адамға бағытталған модель – «Ең алдымен адамдар» принципіне негізделген. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Риддер қаласында бейнебақылау жүйесін 158 камераға кеңейту жоспарлануда, сондай-ақ ауыл тұрғындарына мүлікті сақтауға көмектесетін қаңғыбас малдарға арналған екі айыппұл тұрағын салу туралы ұсыныс енгізілді.
– Бұл міндеттер жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста шешілетін болады. Жыл басынан бері мұнда жалпы қылмыстардың төмендеуі байқалады. Бұл үрдісті сақтау қажет. Алайда, интернет-алаяқтықтарды ашуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға назар аудару керек, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
Ол 1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипаттайтын анықтау сипатына ауысатыратынын еске салды. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.
Заңмен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. 19 мамырдан бастап ҚР ҚК-нің 106-бабында және ҚК-нің 107-бабында (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау деген саралау белгісі енгізілді.
Сондай-ақ, дыбыстық-бейнежазба құралдарының көмегімен тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері толық тіркелген жағдайда тергеу әрекетінің қысқаша хаттамасы енгізіледі. Бұл тергеу әрекетін жүргізу уақытын 5 есе қысқартады.
ШҚО ПД бастығы ішкі істер органдарының реформалары мен қоғамның сауалдары әрбір полиция қызметкерінен құзыреттілік пен әдептілікті талап ететінін атап өтті.
– Сіздер парасаттылық немесе «Integrity Check» тетігінің негізіне сыпайылық, азаматтармен әдепті қарым-қатынас, ең бастысы олардың өтініштеріне жедел ден қою сияқты критерийлер жататынын білесіздер. Бұл тексеруден ПД аппаратының және кейбір аудандық бөлімшелердің қызметкерлері өтті. Сондықтан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес тәртіп пен заңдылыққа ерекше назар аудару қажет, – деп атап айтты Ерлан Омарбеков.
Шығыс Қазақстан gолиция департаментінің басшысы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеу үшін жағдай жасау қажеттілігіне тоқталды.