Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының құрдастары: егіз ханшайым туған күндерін атап өтуде

Жетісу облысының құрдастары: егіз ханшайым туған күндерін атап өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде үш жаңа облыс құру туралы жарлығы күшіне енді, оның бірі Жетісу өңірі болды.

Бұл күні Талдықорған полициясының учаскелік инспекторы Нұржан Жайламысовтың отбасында да қуанышты жайт атап өтіледі. Оның жұбайы Нағима беделді полицейге екі егіз қыз – Дәрия мен Нурияны сыйлады. Бүлдіршін қыздар Жетісу облысында 2022 жылы 8 маусымда дүниеге келген 42 нәрестенің ішінде жалғыз ғана егіз бала болды.

Ал кішкентай ханшайымдардың туған күнін тойлау полиция қызметкері үшін есте қалатын оқиғаға айналды. Себебі облыстың құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға отбасы мүшелері қатысты. Егіз қыздары бар ата-аналарға Жетісу өңірінің басшылығы мен әріптестері атынан сыйлықтар мен құттықтаулар табысталды.

Бүгін полиция департаментінің тағы екі полицейінде – кинологиялық қызмет орталығының бастығы Олжас Тұрарбектің отбасында және ЖҚАЖ инспекторы Еламан Тілектестің отбасында қуанышты хабар болды. Екі офицерде де ұл бала дүниеге келді.

Өз тарапынан ПД басшылығы мен облыстық полицияның жеке құрамы полицейлерді айтулы күн – балалардың туған күндерімен құттықтайды. Бүлдіршін балалар мықты және сау болып өссін. Сіздердің үйлеріңізден бақыт кетпесін. Балалар өз ата-аналарының мақтанышы және Қазақстанның лайықты азаматтары болуын тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру