Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда металл қабылдау пунктері тексерілді

Павлодарда металл қабылдау пунктері тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлықтың алдын алу мақсатында Павлодар қаласының ПБ полиция қызметкерлері рейдтер жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қара және түсті металдарды қабылдау пункттерін тексерді.

– Бұл рейдтер азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алудың алдын алуға бағытталған. Көп жағдайда металлдарды қабылдау пункттеріне тапсыру арқылы пайда табу үшін металлдарды ұрлайды. Барлығы 31 металл қабылдау пункті тексерілді, оның 15-інде бейнебақылау камералары жоқ, бұл бұзушылықтарды иелеріне көрсетілген мерзімде жою қажет, – деді Павлодар қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қара және түсті металдарды қабылдау пункттерінің лицензияларын тексерді. Бұдан басқа, ұрлық жасауға жол бермеу, азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы және ұрланған мүлікті сату фактілеріне уақытылы ден қою бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру