Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

Қызылордада бұзақылық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым күні түнгі сағат 01:00 шамасында қала аумағындағы азық-түлік дүкендердің бірінде екі қала тұрғыны өзара жанжалдасқан. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісіне үшкір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған. Оқиға орнына жеткен Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы күдіктінің жеке басын анықтап, кезекші тәулікте қашып жүрген 38 жастағы азаматты ұстады. Бұзақылық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру