Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД-да алаяқтық қылмысының алдын алу жолдары талқыланды

8 маусымда Маңғыстау облысы ПД ғимаратында департамент бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Исаевтың ұйымдастыруымен “Банктік қызметтерді пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар және олардың алдын алу жолдары” тақырыбында облыстық прокуратура, “ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі” Ақтау қаласы өкілдері басқармасы, сондай-ақ ұлттық, екінші деңгейдегі банк мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты мақсат – қазіргі таңда ең көп таралған қылмыс түрі – алаяқтық, интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Аталмыш шараға полиция департаментіне қарасты қала, аудан полиция бөліністері басшыларының орынбасарлары мен қызметкерлері де қатысты.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Өздерін жалған банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, арбауына түсіріп жүрген зиянкестер күннен күнге көбеюде. Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан күнделікті халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, алдын алу бойынша шаралар атқарылып жатыр.

– Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді алаяқтардың құрығынан аса сақ болуға шақырамыз! Ғаламтор арқылы сауда жасағанда мұқият болыңыздар, сонымен қатар күмәнды есепшоттарға қаражат аудармауды сұраймыз, – деді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру