Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-да тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспарында көзделген “Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы”  тақырыбында Қазақстанның 10-шы Азаматтық форумын өткізу шеңберінде ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Қаралып отырған мәселелердің ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және оларға жыныстық қол сұғушылықтың мәселелері өзекті болды.

ПД бастығы алдын алу жүйесінде өз қызметін полиция органдарымен бірлесіп жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың маңызы үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, осы жұмысты облыстың қалалары мен аудандарында халықты кәмелетке толмағандардың тұрмыстық зорлық-зомбылығына және жыныстық тиіспеушілігіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша одан әрі хабардар ету жұмысын жалғастыру туралы атап өтті.

ҮЕҰ халыққа құқықтық көмек көрсету және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу мәселелерінде белсенді өзара жұмыс атқаруда.

Кездесу соңында ҮЕҰ өкілдері ПД басшылығына кездесуді ұйымдастырғаны және бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру