Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қой бағуға шығып, боранды түнде жоғалған баланы тапты

Қызылордалық полицейлер қой бағуға шығып, боранды түнде жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада сағат 09:10 шамасында Қазалы ауданы Кәукей ауылдық округі Ажар елді мекенінің тұрғыны – 12 жастағы Жанарыс Дәулетбай есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан “Үш ағаш” деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған.

17 қарашада шамамен сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы ПД Қазалы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Еркін Жақсылықов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Самалбек Нысанбаев ауыл тұрғындарымен, шекара қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлерімен ​бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде аудан орталығынан 210 шақырым қашықтықта жайылымдықтан 15 шақырым жерде сайдың ішінен жасөспірімді аман-есен тапты. ​Жоғалған ​мал да түгел​ табылды.​

 – Қазіргі уақытта аман табылған бала ата-анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп ​төніп тұрған жоқ. Полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән-жайларын анықтауда, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығы Сұлтан Бектөре.​ ​ ​ ​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру