Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мал жайылымынан оралмаған 12 жастағы баланы іздеуде

Қызылордалық полицейлер мал жайылымынан оралмаған 12 жастағы баланы іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті жасөспірімге іздеу салады. 16 қарашада сағат 09:10 шамасында Қазалы ауданы Кәукей ауылдық округі Ажар елді мекенінің тұрғыны – 12 жастағы Жанарыс Дәулетбай есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан “Үш ағаш” деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған.

Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғындары, жасөспірімнің ​ туған-туыстары, жедел құтқару қызметі, шекара қызметкерлері және автокөліктер мен​ ​арнайы техника​ жұмылдырылды.

Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы​ 140-150 см, дене бітімі арықтау, ​шашы қара. Үстінде қызыл түсті күртешесі, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқ-киім.

Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында.​​ ​ ​ ​

Ауа-райының күрт өзгеруі іздестіру жұмыстарын қиындатуда. Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция департаменті​ Қазалы аудандық полиция бөліміне​ “102” арнасына, 8 (72438)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 ​ шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру