Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады

ШҚО полицейлері облыс прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасауда мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан жергілікті тұрғынды құрықтады.

 

Жүргізу барысында осы азаматтың Ұлан ауданының аумағында 2023 жылы жасаған мал ұрлығының 3 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Ұрланған малдың жалпы саны 33 бірлікті құрады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің қабылдаған шаралар нәтижесінде ұрланған мал Алматы облысындағы мал базарларының бірінен алынып, жәбірленушіге қайтарылды. Материалдық залал толығымен өтелді.

Күдікті ұсталып ҚР ҚПК-нің 128-бабы (Ұстап алу негіздері) тәртібінде Ұлан ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру