Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері мал ұрлығымен айналысқан ұрыларды ұстады

ШҚО полицейлері мал ұрлығымен айналысқан ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 56 жастағы басшысы жүгінді, ол түнде белгісіз біреулер оның шаруақожалығының аумағына заңсыз кіріп, сол жерден екі бас ірі қара малды ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасағаны үшін Самар ауылының 26 және 29 жастағы тұрғындарын әшкереледі. Күдіктілер ұсталды. Оларға қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат” бұлтартпау шарасы таңдалды. Заттай дәлелдемелер алынды (ІҚМ бір басы, терісі).

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мал ұрлағаны үшін күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызында Жарма ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 бас жылқы табылды. Бұл жануарлардың Аршалы ауылдық округінде 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 02 наурызға дейінгі (ҚР ҚК 188-1-б.2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру) уақыт кезеңінде еркін жаюдан жоғалып кеткені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру