Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоциклмен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген жамбылдық ұсталды

Мотоциклымен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың желтоқсан айының 29 жұлдызында Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен құм өңірінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында өзінің басқаруындағы “Урал” мотоциклымен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген, Мойынқұм ауданының тұрғыны күдікпен ұсталды.

Күдіктінің жүргізуіндегі “Урал” мотоцикілін қарау барысында оның арбасында атылған жабайы қабан, тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық және өзінен суық қаруға жататын пышақ алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі – (Қаруды заңсыз алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілді.
Тергеп-тексеру ісі бойынша барлық қажетті сот-сараптамалары жүргізіліп, дәлелдемелер жиналып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сот талқылауының қорытындысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылып, екі жыл мерзімге аң аулаумен айналысу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру