Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады

ШҚО полицейлері өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 тамызда батальон қызметкерлері Донское ауылын патрульдеу кезінде 32 жастағы жүргізушінің басқаруындағы көлікті тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру барысында аталған көлікті ер адам Ново-Явленка ауылынан айдап әкеткені анықталды. Сондай-ақ тексеру жүргізушінің «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі- ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру