Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар жұртшылығы мен қонақтарына полицияның сервистік моделі туралы айтылды

Павлодар қаласының орталық жағалауында демалыс орнында полиция қызметкерлері “Әділетті Қазақстан. Сервистік полиция” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция барысында қала тұрғындары мен қонақтары “Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасының іске асырылу барысымен, жұмыстағы өзгерістермен танысты.

Қала полицейлері тұрғындарды қабылдады, онда павлодарлықтар қызықтырған сұрақтарын қойып, бірнеше мәселелер бойынша кеңес сұрап, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттар туралы толық түсіндірмелер алды. Ішкі істер органдарында қызмет етуге мүдделі азаматтар қызметте қолданылатын ережелер мен негізгі критерийлерді де түртіп алды. Сондай-ақ тұрғындарға ақпаратпен және байланыс телефондарымен жадынамалар таратылған.  Шынында да, полиция қызметкерлерінің қатарына қызмет ету үшін талантты, ақылды, сауатты жастар – Отанымыздың нағыз патриоттары қажет.

Бүгінде полиция қызметкерінің толық әлеуметтік пакеті, тұрақты жалақысы, одан әрі тегін оқу мүмкіндігі, мансаптық өсуі және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығу құқығы бар.

Сонымен қатар қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операцияларға қатысатын ЖҚАЖ арнайы бөлімшесінің қызметкерлері демонстрациялық көрсетілім көрсеткен.

Жауынгерлер көрермендерге арнайы құралдарды, жауынгерлік қаруды қолдана отырып, қоян-қолтық күрестің дағдылары мен әдістерін көрсетті. Бұл бөлімге қойылатын талаптар жоғарылайды, сондай-ақ ЖҚАЖ жеке құрамының дене және атыс дайындығына көп көңіл бөлінеді. Себебі олар республикалық және халықаралық масштабтың түрлі жарыстарында жүлделі орындар алған.

Іс-шара қонақтары полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері қызметінің ерекшеліктері туралы: тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, учаскелік полиция инспекторлары жайында толық ақпарат алған.

Құқық қорғау органдары жұмыста қолданылатын киім-кешектерді, арнайы жабдықтарды, арнайы құралдарды, заманауи техникалық жабдықтарды көрнекі түрде көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру