Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері психотроптық заттарды сату фактісінің жолын кесті

ШҚО полицейлері психотроптық заттарды сату фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамызда ШҚО Полиция департаментіне Новаторов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің тұрғындарынан есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға “трамадол”, тропикамед” препараттары рецептісіз сатуылып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шаралар қабылдау туралы ұжымдық арыз келіп түсті.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған өтінішті тексеру мақсатында дәрі “сатып алушы” ретінде кейіп танытып, 7 тамызда аталған дәріхана  дәрігерінен  рецептісіз “тропикамед” препаратын 1200 теңгеге бақылау мақсатында сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацефт ұсталды, одан   11 дана ”тропикамед” препараты тәркіленіп, “трамадол” препаратының екі данасы, сондай-ақ жалған “сатып алушыдан”өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы ақша қаражаты алынды.

Жиналған материал ҚР ӘҚБК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының ережелерін бұзу) бойынша дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жолданды.

2021 жылдың басынан ШҚО ПД ЕҚБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 426бабы бойынша (Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) 5 фактіні анықтады, жасалған материалдар әкімшілік хаттамалар жасау үшін ШҚО Медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

Барлығы 1 805 700 теңге сомасына айыппұл салынды. ҚР ҚК 426-бабының 2-бөлігі бойынша дәріханаларды қайта тартқан кезде сот шешімі бойынша қызметін тоқтата отырып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру