Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны иттің үйшігінде есірткі сақтаған

ШҚО тұрғыны иттің үйшігінде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының ортасында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД КҚО және ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірлесіп “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында гараж кооперативінде 46 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Серікбаев көшесіндегі жеке үйді тінту кезінде қораның ішінде итке арналған ағаш үйшіктен жасыл түсті өсімдік заты бар екі полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 36,97 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып шықты.

Ер адам есірткіні одан әрі сату мақсатында сақтағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру