Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны шамамен 2,5 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінді

ШҚО тұрғыны шамамен 2,5 млн теңге ұрлады деп күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ер адам белгісіз біреу есікті бұзып, оның үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2,5 млн теңгесін ұрлап кеткенін хабарлаған. Ақшалай қаражаттан бөлек ұры үйден смартфонды, салмағы 40 келі бал құтысы мен ас үй пышағын алып шыққан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол ауданның бұрын істі болған 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған деректер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Кінәсін мойындаған жағдайда, күдікті екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру