Шу ауданында 60 келіге жуық марихуана дайындаған шопан ұсталды
Шу ауданында 51 жастағы малшы есірткі дайындау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора – 2023″ жеделалдын алу іс-шарасы барысында іздестіру шараларын Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы , ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҰҰ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдалана отырып жүргізді.
Оқиға орнын тексеру барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.
– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.