Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа сенген ақтөбелік тұрғын банкке 4 млн теңге қарыз болып қалды

Алаяққа сенген ақтөбелік тұрғын банкке 4 млн теңге қарыз болып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар  жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банктердің қауіпсіздік қызметінің  қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олар алаяқтыққа қарсы жұмыстар жүргізіп жатқанын, жәбірленушілердің шоттарынан күдікті транзакциялар жүргізіліп жатқанын түсіндіреді. Жәбірленушілерден ақшасын қорғау мақсатында телефонына Rustdesk қосымшасын жүктеп алуды сұрайды. 

Негізінде, бұл қосымша смартфонға және жәбірленушінің мобильді банкинг қосымшасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Банкинг қосымшасына қол жеткізе отырып, алаяқтар жеке шоттарға заңсыз транзакциялар жасайды.

RustDesk қосымшасы танымал Anydesk қосымшасының балама түрі. Интернет-алаяқтық пен киберқылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, алаяқтық саны азаймай отыр. Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс аумағында аталған бағдарламасын пайдалана отырып жасалған интернет-алаяқтықтың 3 фактісі тіркелді.

Мысалы, 44 жастағы жергілікті тұрғын қалалық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің телефонына қоңырау шалғанын және өзін банктер қауымдастығының қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, оның банктік шоты бойынша күдікті операциялар туралы хабарлағанын айтты. Жәбірленушінің сауалнамалық деректерін нақтылай келе, алаяқтар Rustdesk қосымшасын жүктеп алуды сұрап, оның көмегімен жәбірленушіге жалпы сомасы 4 млн теңгеге түрлі банктерде кредиттер ресімдеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру