Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғынынан 5 келіге жуық “гашиш” тәркіленді

Жамбыл облысында “Допинг” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйек Жамбыл облысында “Допинг” республикалық кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 5 шақырым жерде Шу қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады, одан тінту барысында жалпы салмағы 4 келі  704 гр “гашиш” есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру